A- A A+
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің 2018 жылға жұмыс жоспары

Бекiтемiн
Егiндiкөл ауданының
мемлекеттiк архивi КММ
басшысы
____________М. Асанов

«Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ-нiң
2018 жылға жұмыс жоспары

Мемлекеттiк архивтiң негiзгi бағыттағы қызметтерi болып Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Ұлттық архив қоры Заңдарындағы құжаттардың сақталу сапасын, жағдайын жақсарту. Қазақстан Республикасының қаулысы, құқықтық-нормативтiк актiлер комитетi, облыс әкiмi, Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы.

Мемлекеттiк архивтiң жеке ғимараты бар, көлемi 200 м²-ты қамтиды. Сөрелiк қоры өң бойы 40 метрдi құрайды, олар әртүрлi және ескiше түрде. 2011 жылы құжаттар үшiн 20 дана көлемiнде темiр сөрелер сатып алынды.

Жалпылай алғанда қоймалар мемлекеттiк стандарттарға сай, жылы, жарықпен жабдықталған, өрт қауыпсiздiгi мен күзет дабылы орнатылған.

I. Ұлттық архив қорын мемлекеттiк есепке алу және
сақталуын қамтамасыздандыру

Сақтауды қамтамасыздандыру мақсатында материалды-техникалық базаларды және архивтi техникалық жабдықтауды нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Қағаз негiзiндегi құжаттардың 300 сақ.бiрлiгiнiң физикалық жай-күйi жақсартылуда, оның iшiнде 300 бет реставрацияланды.

«Егiндiкөл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi», «Егiндiкөл ауданының кәсiпкерлер бөлiмi» бойынша 200 iс көлемiнде қабылданған құжаттарды картондау белгiленуде.

«Краснознаменское РО «Казсельхозтехника» 32 қоры бойынша 10 бет өшiрiлген мәтiндердi қалпына келтiру белгiленуде.

360 iс көлемiнде басқару және жеке құрам бойынша құжаттардың жай-күйiн, сақталуда барлығын тексеру ұсынылуда.

Ағымдағы жылдың iшiнде мекемелер, ұйымдар, кәсiпорындардың құжаттары мемлекеттiк сақтауға қабылданады. Температура-ылғалдылық және санитарлы-гигианалық режимдi қолдану жоспарлануда. Әр тоқсан сайын санитарлы күндер өткiзу, құрылғылардың көрсеткiштерiн әрдайым қадағалауды жүзеге асырылады.

II. Ұлттық архив қорының қалыптасуы, ұйымдар мен мекемелер, ведомствалық архив құжаттарына iс-жүргiзуде ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық көрсету

Осы бағыттағы жұмыстар бойынша басты назарымыз Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сапалы болуын қамтамасыздандыру, мемлекеттiк сақтаудағы құжаттарды сапалы iрiктеу. Басқару құжаттарының 200 iсiң тұрақты сақтауға қабылдау ұсынылуда. (2-шi қосымша)

Сараптама комиссиясы туралы келесi ведомстваларда 2 номенклатура және 2 ереженi жетiлдiруде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету есептелуде:

1. «Абай ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ

2. «Жалманқұлақ ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ

Құрылыс, бiлiм, бұқаралық ақпарат құралдары, экономика салаларында келесi тақырыптарда 4 семинар-кеңес өткiзiледi:

1. «Мемлекеттiк архивке ҰАҚ құжаттарын тұрақты сақтауға тапсыру тәртiбi»;

2. «Құжаттардың үлгiлiк қағидалары 2017 жылғы»;

3. «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiнiң стандарты.

Номенклатура iстерiн жетiлдiруде практикалық және әдiстемелiк көмек, тұрақты сақтау және жеке құрам бойынша құжаттарды өңдеуде ҒАА құрастыру, практикалық мәндерiн жоғалтқан құжаттарды жою туралы акт жасауға көмек көрсетiледi.

III. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру, ғылыми ақпарат және
құжаттарды қолдану

2018 жылы бөлiмнiң қызметi ақпарат және құжаттарды пайдаланып қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған қоғамның ретроспективтi ақпараттын пайдалану, архивтiк құжаттарды iске асыру, Қазақстан халқының азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн танымал ету архивтiк құжаттардың ажырамас тарихи-мәдени мұрасының бөлiгi болып табылады.

Халықаралық архивтер күнiне арналған архив сақтауындағы құжаттардан көрме және ашық есiк күнi ұйымдастырылуда.

Ұйымдар мен мекеме жұмыскерлерiмен 2017 жылғы 29 қыркүйектегi «Құжаттардың үлгiлiк тiзiмi» тақырыбында сабақ жүргiзiледi.

Бұқаралық ақпарат құралдарында архив жұмысы және аудан тарихы, мемлекеттiк қызметтердi алу тәртiбi жайлы «Алтын астық» аудандық газетiнде 4 мақала жарияланады.

Iс-шара өткiзiлу барысында БАҚ, оқушылар мен студенттер, аудан ұйымы мен мекеме уәкiлдерi шақырылады.

Мемлекеттiк архив сайтында архив туралы ақпараттарды орналастыру қызметiн жарықтандыру әрi қарай жалғасады.

Сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден, Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдардан келiп түсетiн әлеуметтi-құқықтық, тақырыптық сауалдарды орындау жұмысы белсендiрiледi. Сонымен бiрге мәтiндi мазмұндаудың толықтығы, уақытылы орындалуы, әдептiлiгi қамтамасыздандырылады.

Ең басты назарымыз «Архивтiк анықтамаларды беру» сауалдарының регламенттiк стандартына аударылады. Осы мақсаттар үшiн БАҚ архивтiң әлеуметтi-құқықтық сауалдарды орындау жұмыстары бойынша мақалалар жарияланады; электронды үкiмет порталынан архивтiк анықтамаларды алу туралы мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялау; архивтiк ақпараттарды алу кезiнде азаматтарға жекеше кеңес алу мүмкiндiктерi туралы ақпарат беру. Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерiнiң өтiнiштi толтыру кезiнде қателiктер табылса, табылған қателiктердi жөндеп әрi қарай жұмыс жалғастырылады.

IV. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру.
Ұжымның әлеуметтiк дамуы

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архивтiк iстердiң сұрақтары бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi зерттеу ұйымдастырылады.

Архив қызметкерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында әр түрлi курстар мен басқа да оқу формаларына жiберу жоспарлануда.

Нақты мүмкiндiктерге сүйiне келсек, архивтiк iстердiң ардагерлерi мен архив қызметкерлерiнiң әлеуметтiк қорғау сұрақтары бойынша аса назар аударамыз.

Директор                                                                                                  М. Асанов


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.02.2018 15:15
Қаралым саны: 3314
@2024 «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»