A- A A+
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Архив – бұл ұлттық құндылық» атты тақырыптағы ақпараттық сағат 2018 жылғы 11 маусым

2018 жылғы 11 маусымда Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ-де «Архив — бұл ұлттық құндылық» атты тақырыпта ақпараттықсағатыөткiзiлдi.

«Архив — тарихи маңызы бар құжаттар. Мекемелердiң ескi құжаттарын сақтайтын бөлiмi немесе жеке тұлғаның өмiрi мен қызметiне байланысты жинақталған жәдiгерлер жиынтығы. Алдағы уақытта бiздiң архивте қағаз құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерiмен қатар фото-киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазба ақпараттарын алуға болады. Архивте мәңгiлiк мерзiмге сақталып, қорғалатын тарихи деректер— мемлекеттiң iшкi-сыртқы жағдайы, экономика, саяси-идеология қатынастары туралы құжаттар Ұлттық байлықтың бiр бөлiгi болып табылады» деген алғы сөзден бiздiң ақпараттық сағат басталып кеттi.

Ақпараттық сағаттың мақсаты: «Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ-нiң негiзгi қызметтерiн түсiндiру. Мемлекеттiк архивтiң архивистi А. Ж. Каратаев қатысушыларға мемлекеттiк архивтiң негiзгi бағыттағы қызметiн түсiдiрiп, сонымен қатар мемлекеттiк архивтiң 2018 жылдың жылдық жоспарымен және кварталдық есептермен таныстырды.

Iс-шараға қатысқандар: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының мамандары 2 адам (басшы К. Х. Мергалиев, маман М. С. Ердненов), Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы 1 адам (Е. Ө. Асай) және Егiндiкөл ауылының тұрғындары 2 адам (Кайриден Кусаинов, Сунгат Абыкеев). Ақпараттық сағат 5 адамды қамтыды.

Директордың м. а.                                                                                                                                                                                                     А. Аушахманов


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.06.2018 09:58
Қаралым саны: 3588
@2024 «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»