A- A A+
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Архив қызметінің 95 – жылдығына орай ашық есік күні» акциясы 2018 жылғы 08 маусым

2018 жылғы 08 маусымда Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ-де «Архив қызметiнiң 95 — жылдығына орай ашық есiк күнi» акциясы өткiзiлдi.

Акцияның мақсаты: «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi туралы түсiнiк беру. Архив директорының мiндетiн атқарушы А. К. Аушахманов қатысушыларға «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және электрондық үкiмет порталы арқылы алу тәртiбiн түсiндiрiп өттi.

Акцияға қатысқандар: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының мамандары 2 адам (басшы К. Х. Мергалиев, маман М. С. Ердненов), Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы 1 адам (Е. Ө. Асай) және Егiндiкөл ауылының тұрғындары 2 адам (Кайриден Кусаинов, Сунгат Абыкеев). Акция жалпы 5 адамды қамтыды.

Директордың м. а.                                                                                                                                                                                                                     А. Аушахманов


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2018 15:25
Қаралым саны: 3511
@2024 «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»