A- A A+
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
2017 жылға Егіндікөл ауданының мемлекеттік архивінің жұмыс жоспары

Бекiтемiн
Егiндiкөл ауданының
мемлекеттiк архивi КММ
басшысы
____________М. Асанов


2017 жылға Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивiнiң
жұмыс жоспары

Мемлекеттiк архивтiң негiзгi бағыттағы қызметтерi болып Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Ұлттық архив қоры Заңдарындағы құжаттардың сақталу сапасын, жағдайын жақсарту. Қазақстан Республикасының қаулысы, құқықтық-нормативтiк актiлер комитетi, облыс әкiмi, Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы.

Мемлекеттiк архивтiң жеке ғимараты бар, көлемi 200 м²-ты қамтиды. Сөрелiк қоры өң бойы 40 метрдi құрайды, олар әртүрлi және ескiше түрде. 2011 жылы құжаттар үшiн 20 дана көлемiнде темiр сөрелер сатып алынды.

Жалпылай алғанда қоймалар мемлекеттiк стандарттарға сай, жылы, жарықпен жабдықталған, өрт қауыпсiздiгi дабылы орнатылған, 2017 жылға автоматты түрдегi өрт сөндiру жүйесiн орнату жоспарлануда.

I. Ұлттық архив қорын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыздандыру

Сақтауды қамтамасыздандыру мақсатында материалды-техникалық базаларды және архивтi техникалық жабдықтауды нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Қағаз негiзiндегi құжаттардың 300 сақ.бiрлiгiнiң физикалық жай-күйi жақсартылып, оның iшiнде 500 бет реставрацияланды, қорлар тiзiмi қоса берiлген. (1 қосымша) 300- сақ.бiрлiгi тiгiлдi, 44 қор.

66 қор «Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ және 54 қор «Егiндiкөл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ бойынша 150 iс көлемiнде қабылданған құжаттарды картондау белгiленуде.

32 қор «Краснознаменское РО «Казсельхозтехника» бойынша 10 бет өшiрiлген мәтiндердi қалпына келтiру белгiленуде.

360 iс көлемiнде басқару және жеке құрам бойынша құжаттардың жай-күйiн, сақталуда барлығын тексеру ұсынылуда. Қорлар тiзiмi қоса берiлген (3 қосымша).

Ағымдағы жылдың iшiнде мекемелер, ұйымдар, кәсiпорындардың құжаттары мемлекеттiк сақтауға қабылданады. Температура-ылғалдылық және санитарлы-гигианалық режимдi қолдану жоспарлануда. Әр тоқсан сайын санитарлы күндер өткiзу, құрылғылардың көрсеткiштерiн әрдайым қадағалауды жүзеге асырылады.

II. Ұлттық мұрағат қорының қалыптасуы, ведомствалық мұрағаттар мен ұйымдар басшылығының ұйымдастыру-әдiстемелiк құжаттарының iс-жүргiзiлуi, ұйымдар мен мекемелер

Осы бағыттағы жұмыстар бойынша басты назарымыз Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сапалы болуын қамтамасыздандыру, мемлекеттiк сақтаудағы құжаттарды сапалы iрiктеу. Басқару құжаттарының 150 iсiң тұрақты сақтауға қабылдау ұсынылуда. (2 қосымша)

Келесi ведомстваларда 2 номенклатура және 2 ереженi жетiлдiруде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету:

1. «Егiндiкөл ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ

2. «Бауманский ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ

Құрылыс, бiлiм, бұқаралық ақпарат құралдары, экономика салаларында келесi тақырыптарда 4 семинар-кеңес өткiзiледi:

1. «Мемлекеттiк архивке ҰАҚ құжаттарын тұрақты сақтауға тапсыру тәртiбi»;

2. «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда 2014 жыл және 2015 жылғы тiзiмнiң үлгiлiк қағидаларын құжаттандыру және құжаттарды басқару түралы өзгертулер»;

3. «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiнiң стандарты.

Номенклатура iстерiн жетiлдiруде практикалық және әдiстемелiк көмек тұрақты көрестiлiп, тұрақты сақтау және жеке құрам бойынша құжаттарды өңдеуде ҒАА құрастыру, практикалық мәндерiн жоғалтқан құжаттарды жою туралы акт жасау.

III. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды қолдану

2017 жылы бөлiмнiң қызметi ақпарат және құжаттарды пайдаланып қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған қоғамның ретроспективтi ақпараттын пайдалану, архивтiк құжаттарды iске асыру, Қазақстан халқының азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн танымал ету архивтiк құжаттардың ажырамас тарихи-мәдени мұрасының бөлiгi.

Сәуiр айында Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивiнiң 25 жылдығына орай «Кешегi және бүгiнгi архив» тақырыбында архив құжаттарының көрмесiн ұйымдастырып, ашық есiк күнiн өткiзу. «Құжаттаудың тәртiбi» тақырыбында ұйымдар мен мекемелердiң қызметкерлерiмен сабақ өткiзу. Архивтiң жұмысы және мемлекеттiк қызметтер бойынша бұқаралық ақпарат құралы «Алтын астық» аудандық газетiне 4 мақала дайындап, жария ету. Көрмелер мен презентация iс-шараларын өткiзу барысында қызығушылық танытқан ұйымдар мен азаматтарды, студенттер, оқушылар, БАҚ өкiлдерiн шақыру.

Мемлекеттiк архив сайтында архив туралы ақпараттарды орналастыру қызметiн жарықтандыру әрi қарай жалғасады.

Сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден, Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдардан келiп түсетiн әлеуметтi-құқықтық, тақырыптық сауалдарды орындау жұмысы белсендiрiледi. Сонымен бiрге мәтiндi мазмұндаудың толықтығы, уақытылы орындалуы, әдептiлiгi қамтамасыздандырылады.

Ең басты назарымыз «Архивтiк анықтамаларды беру» сауалдарының регламенттiк Стандартына аударылады. Осы мақсаттар үшiн БАҚ архивтiң әлеуметтi-құқықтық сауалдарды орындау жұмыстары бойынша мақалалар жарияланады; электронды үкiмет порталынан архивтiк анықтамаларды алу туралы мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялау; архивтiк ақпараттарды алу кезiнде азаматтарға жекеше кеңес алу мүмкiндiктерi туралы ақпарат беру. Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерiнiң өтiнiштi толтыру кезiнде қателiктер табылса, ХҚКО-мен 2 семинар-дәрiс өткiзу.

№ 60 қор «Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-нiң басқарма құжаттамаларының 5 сақ. бiрлiгiн каталогтау, тематикалық карточкасын қосу.

IV. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архивтiк iстердiң сұрақтары бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi зерттеу ұйымдастырылады.

Архив қызметкерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында әр түрлi курстар мен басқа да оқу формаларына жiберу жоспарлануда.

Нақты мүмкiндiктерге сүйiне келсек, архивтiк iстердiң ардагерлерi мен архив қызметкерлерiнiң әлеуметтiк қорғау сұрақтары бойынша аса назар аударамыз.


Директор                                                                                                                М. Асанов

 

1 Қосымша

2017 жылы қалпына келтiрiлетiн және тiгiлетiн қордың тiзiмi

№р/н Қордың № Қордың атауы Істердің саны Қордың уақыт аралығы Ескерту
1 2 3 4 5 6
1 44 Краснознаменский райисполком 300 1970-1976  

Барлығы: 300 сақ.бірл.

2 Қосымша

Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивiне мемлекеттiк сақтауға тапсырылатын
құжаттардың тiзiмi

№р/н Мекеме атауы Істердің саны Құжаттарды тапсыру аралығы Ескерту
1 2 3 4 5
1 «Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты» ММ 100 2001-2011  
2 «Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 50 2010-2012  

Барлығы: 150 сақ.бірл.

3 Қосымша

2017 жылы қолдағы бар құжаттардың физикалық
жай-күйiн тексеретiн қордың тiзiмi

№р/н Қордың № Қордың атауы Істердің саны Қордың уақыт аралығы Ескерту
1 2 3 4 5 6
1 17 Краснознаменский сельский совет 360 1961-1980  

Барлығы: 360 сақ.бірл.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.06.2017 10:49
Қаралым саны: 3269
@2024 «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»