A- A A+
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – архив). Заңды мекенжайы: 020699, Қазақстан республикасы, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 2/1, байланыс телефоны 8/71642/21413

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз нысанда.

2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 456 құрады:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 7;
  • веб-портал арқылы www.e.gov.kz – 279;
  • қызмет берушінің кеңсесі арқылы (мемлекеттік ахивте) – 170.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілген қызметті алушыларға арналған барлық қажетті ақпарат (мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары) http://egin-archive.akmo.gov.kz/page/read/Gosudarstvennye_uslugi.html интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары архивтегі ақпараттық стендте орналастырылған.

Өзіне — өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша 24 іс-шара өткізілді:

1) семинар — кеңес және акциялар – 19;

2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында басылымдар – 4;

3) тікелей эфир – 1.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты архив қызметкерлері міндетті түрде біліктілігін арттырудан өтеді, сондай-ақ аппараттық оқу жоспарына сәйкес тиісті Заңдарды, әдістемелік ұсынымдарды және мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады. 2023 жылы архивтің 2 қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілді. 2023 жылы қолданыстағы Қағидаларға өзгерістер енгізілген жоқ.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2023 жылы мемлекетік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға мынадай іс-шаралар жоспарланған:

  • мемлекеттік қызметті уақтылы және сапалы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
  • көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;
  • халық арасында қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, оның ішінде аудандық газетте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақалалар жариялау;
  • «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинарлар, акциялар өткізу.

Комментарии







Очистить данные формы



Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.02.2024 09:52
Қаралым саны: 144
@2024 «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»