A- A A+
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Архив қызметінің ардагерлері

Басшылар:

Семен Тихонұлы Мирошниченко 1992-1996 жылдар (мәлiмет жоқ).

Сағынай Ауызбайұлы Жахин — архивтiк қызметке дейiн Астрахан ауданының Новочеркаский кеңшарында жұмыскер, малшы, малшаруашылығының бригадирi, Қызылжар кеңшарында жұмыс комитетiнiң төрағасы, Астраханский кеңшарының зоотехнигi қызметтерiн атқарған. 1996- 2005 жылдар аралығында Егiндiкөл аудандық архивтiң директоры болып жұмыс жасаған.

 

Айтбек Қиамбекұлы Асанов — 1946 жылдың 2 қарашасында дүниеге келген. 1956 жылы ата-анасымен бiрге Ақмола облысы Новочеркаск ауданының Астраханский кеңшарына көшiп, сол жерде жетi жылдық мектептi аяқтайды. Еңбек жолындағы қызметiн МТЖ слесарi ретiнде бастайды.

1961 жылы Целиноградтық автокөлiк техникумына түсiп, 1965 жылы оқуын аяқтайды. Осы жылы Қарағанды облысының Токаревский автобазасында жұмыс атқарады.

1966 жылы Қарағандылық политехникалық институтына оқуға түседi. 1971 жылы оқуын аяқтап, туған кеңшарына қайта оралып сол жерде механик, бас инженер қызметтерiн атқарады.

1984 жылдан бастап Целиноград облысының Краснознаменск ауданының жөндеу-қызметi мекемесiнiң директоры, 1998-2005 жылдар аралығында экология бойынша мемлекеттiк инспектор, 2005-2011 жылдар аралығында «Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк мұрағаты» ММ-нiң директоры болып қызмет атқарды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.12.2016 16:07
Қаралым саны: 3860
@2024 «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»