A- A A+
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сыбайлас жемқорлықпен күрес –ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерiлуiне үлкен кедергi келтiрiп отырған қоғамымыздың ең басты қауiп — қатерлерiнiң бiрi болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елiмiзде көптеген iс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келедi дегенiмiзбен, жегi құртқа айналған осы бiр қатерлi дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтiндердiң қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

1998 жылдың 2 шiлдесiнде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбiр мемлекеттiк органдар басшыларының, ел азаматтарының мiндетi екендiгi атап көрсетiлдi. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп енiп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделiлердi жауапқа тарту бүгiнгi күннiң ең басты мiндеттерiнiң бiрi.

Осындай келеңсiз құбылыстармен бiтiспес күрес жүргiзу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттiк органдардың мiндетi емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттiк органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенiң тағдырына, жұмысына деген немқұрайдылығы, тоңмойын шенеуiнiктердiң тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшiн шетi мен шегi жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттiк қызметкерлердi пара алуға өздерi арандатады. Өйткенi халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiмдiлiк жетiспейдi. Сол себептi де мұндай ауыр кеселдi тек мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының күшiмен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресудi бүкiл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын бекiттi. Бұл бағдарламаның басты мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесiн одан әрi жетiлдiру.

Бүгiнгi таңда, мемлекеттiң ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерiнiң басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиiмдi жолдарына, iшкi өзiн-өзi бақылау жүйесiн құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиiс. Сонымен бiрге, сыбайлас жемқорлықпен күрестiң басты бағыты — оның алдын алу, яғни, оның себептерi мен шарттарына ықпал жасау болуы керектiгiн ескерген жөн деп есептеймiн. Халқымызда «Бiр қарын майды бiр құмалақ шiрiтедi» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбiреулердiң терiс әрекетi бүкiл ұжымға керi әсерiн тигiзбеуi үшiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiрлесе ымырасыз күрескенiмiз дұрыс.Осы iс-шара Егiндiкөл ауданының ЗТМО бөлiмiнiң қызметкерлерiмен өткiзiлдi. Iс-шараға қатысушылдардың саны 4 қызметкер. Iс-шараның барысында жемқорлықпен күресудiң тиiмдi жолдары талқыланып, жемқорлық жайлы түсiнiктемелер берiлдi.

Егiндiкөл аданының
мемлекеттiк мұрағатының директоры:                                                                                                     М. Қолдыбаева

 


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.07.2016 09:26
Қаралым саны: 3553
@2024 «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»