A- A A+
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ –нің 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: мемлекеттік архивте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Ақмола облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»; 3) «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы.

Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара)/қағаз нысанда көрсетіледі.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің саны 304 құрады:

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 19;

– веб-портал арқылы www.e.gov.kz – 83;

– Қызмет берушінің кеңсесі арқылы (мемлекеттік ахивте) – 202.

Мемлекеттік архивтерде «e-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы орнатылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: Мемлекеттік архивтің стенділерінен алуға болады. Мемлекеттік архивтің интернет-ресурсында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Мемлекеттік архивтің қызметі туралы есеп 28 ақпан мен 29 наурыз аралығында сайтта және әлеуметтік желілерде қоғамдық талқылауға орналастырылды, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, пікір қалдыра алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша 21 іс-шара өткізілді: 1) семинар-кеңес және акция – 17; 2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында басылымдар – 3; 3) әлеуметтік желілерде (тікелей эфир) – 1.

2022 жылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы 83 мемлекеттік қызметі көрсетілді.

2022 жылғы 28 қыркүйекте мемлекеттік архивтің 3 қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде қағазбастылық пен бюрократизм фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкімет» порталын танымал ету үшін БАҚ, әлеуметтік желілер және т.б. арқылы халықты хабардар етуді жүргізу). 

 

Комментарии







Очистить данные формы



Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.02.2023 12:37
Қаралым саны: 511
@2024 «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»