A- A A+
«Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Архив және болашақ ұрпақ»

«Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында мемлекеттік архив қызметкерлері Егіндікөл ауылындағы № 2 орта мектептің оқушыларына экскурсия жүргізді. Экскурсияның мақсаты – өскелең ұрпақты өз өлкесінің тарихын зерделеуге баулу, жастарды Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ауданымыздың аға буын өкілдерін үлгі ете отырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау. Мектеп оқушылары фотоқұжаттар мен жеке істеріне үлкен қызығушылық танытты. Шараға 4-сыныптан 35 оқушы қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 21.09.2023
Қаралым саны: 217
@2024 «Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»